Тілші қызды лақтырған күзетшінің қылығына қатысты түсінік берілді (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілші қызды лақтырған күзетшінің қылығына қатысты түсінік берілді (видео)

Тілші қызды лақтырған күзетшінің қылығына қатысты түсінік берілді (видео)

 

  • 25 Тамыз 2021
  • 533
Фото - Caravan.kz

Хабар 24 арнасының журналисін Алатау әкімдігіне кіргізбей, қарауылдар лақша көтеріп, далаға шығарып тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz порталы ЭК-ға сілтеме жасап. 

Желіде тарап кеткен бұл бейнежазбаға қатысты Алматы қаласы Алатау ауданының әкімдігі ресми түсініктеме берді.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты әкімдік ғимаратына кіруге шектеу бар немесе ол Ashyk қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Журналис А.Тәңірберген арнайы өтетін жерден өз статусын анықтамай өткен. Ол жөнінде бейнежазба да бар,

— деп жазылған әкімдік таратқан хабарламада.

Ресми түсініктемеде "әкімшілік ғимаратына кірген журналистер күзет қызметкерлерінің ескертпелеріне құлақ аспай, қақтығыс тудыратын жағдайға душар еткендігі" де айтылған.

Сондай-ақ күзет қызметкерлерінің де іс-әрекетіне байланысты қызметтік тексеріс басталғаны мәлімделді.

Хабарлама соңында аудан әкімі өз құзыретіне лайықты жағдайда БАҚ өкілдерімен кездесуге және барлық сұрақтарға ашық жауап беруге әзір екендігі ескертілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алатау Ауданы Әкімдігі (@akimat_alatau)