Тілсіз жау екі сәбидің өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тілсіз жау екі сәбидің өмірін жалмады

Тілсіз жау екі сәбидің өмірін жалмады

Астанада тілсіз жау екі сәбидің өмірін жалмады. Түтінге тұншыққан 6 және 3 жасар   бала  үйде сол сәтте өздері ғана болған.

  • 18 Қаңтар 2014
  • 301
Фото - Caravan.kz

Қызыл жалын мына көппәтерлі үйдің үшінші қабатынан шықты. Түтін иісін алдымен көршілері байқап, дабыл қағыпты. Бірақ өрт сөндірушілер жетем дегенше, бүлдіршіндер  тұншығып өлген. Ата-анасы жақын маңдағы шаштаразда істейді екен. Ал  жұмысқа кетерде балаларын жалғыз қалдырып  есікті  сыртынан құлыптап кеткен.


Вадим Хасанов, көршісі :

–Түтін иісін сезіп, бірден коопертив төрағасына бардым. Сөйтсек, пәтер жалға берілген екен. Балалардың анасын тауып алдым. Ол үйге жүгіріп кіріп сұлап жатқан 1 баласын сыртқа алып шықты. Бірақ бәрі кеш еді. Екінші сәбиін де тірі алып қала алмадық.