ТМД Атқару комитеті Достастыққа мүше мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД Атқару комитеті Достастыққа мүше мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

ТМД Атқару комитеті Достастыққа мүше мемлекеттердің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

МИНСК. 25 - шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 26 - 27 шілдесінде ТМД Атқару комитетінде қылмыстық кірісті заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру туралы келісім жобасын және терроризм мен экстремизмнің басқа да зорлық көріністерімен күрестегі ынтымақтастықтың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын толықтыра жөндеу және келісу жөніндегі сарапшы топтың отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Шiлде 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметіндегілер, қылмыстық жолмен тыбылған кірісті заңдастырып алуға қарсы тұру туралы келісім жобасын Ресей Федерациясы 2005 жылдың 30-мымырында енгізгендігін еске сала кетті. 2006 жылдың қазанында ТМД Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің отырысында келісімді Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова (кейбір ескертпелермен), Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мақұлдаған. Кейінірек келісім толықтыруға жіберілген болатын.

ТМД мүше мемлекеттердің терроризммен және экстремизмнің басқа да зорлық көріністерімен күрестегі ынтымақтастығының 2008 — 2010 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын Антитеррористік орталық әзірлеп, ТМД мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері кеңесінің шешімімен мақұлданған.

Баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, бағдарламаның біріккен іс-шараларын қызығушылық танытқан ТМД мемлекеттері өзара келісе отырып бұл мақсатқа тиісті министрліктер мен мекемелердің іс-қызметін қамтамасыз ету үшін ұлттық бюджеттерде жыл сайын қарастырылатын қаржыдан бөліп қаржыландырады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті