ТМД аясындағы ең ірі 20 банктің қатарында Қазақстанның бес банкі бар - Аблязов
Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ТМД аясындағы ең ірі 20 банктің қатарында Қазақстанның бес банкі бар. Бұл туралы бүгін IX Алматы банкаралық конференциясында "БТА" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"ТМД аясындағы ең ірі 20 банктің қатарында Қазақстанның бес банкі бар. Ал еліміздің халқының саны небәрі 15 млн, Ресейде - 145 млн, Украинада - 48 млн. Соған қарамастан, алғашқы жиырма банктің ішінде елімізден бес банк еніп отыр, бұл - сөз жоқ, табыс", - деді М. Аблязов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін