ТМД бақылаушысы Астанадағы бір сайлау учаскесінде заң бұзылғандығын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД бақылаушысы Астанадағы бір сайлау учаскесінде заң бұзылғандығын анықтады

ТМД бақылаушысы Астанадағы бір сайлау учаскесінде заң бұзылғандығын анықтады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. ТМД миссиясының бақылаушысы Михаил Заполев Астанадағы бір сайлау учаскесінде заң бұзылғандығын анықтады.

  • 18 Тамыз 2007
  • 495
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, № 61 учаскеге келген М. Заполев, апаттық үйдің тұрғындары сайлау тізіміне қосылмағанын анықтады. «Апатты жағдайдағы үйде тұратын адамдар осы жағдайдан қандай да бір шешім күтетіні анық. Бірақ оларға ешкім келмеген, ешкім тізімге қоспаған. Бүгін олар дауыс беруге келген, ал оларды тізімге қоспай отыр, олардан үй кітапшасын әкелуді талап етуде»,- деді бақылаушы журналистерге Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында.

Сонымен қатар, ол аталмыш дерек дауыс берудің жалпы нәтижесіне әсер ете қойматындығын да атап өтті. «Бір үй әсер ете ме? Әрине, жоқ»,- деді бақылаушы. «Бірақ біз осы жалғыз мысал арқылы, әсіресе осындай адамдардың басында проблема бар кезде адамдар мен билік арасындағы қатынас пен байланысты байқай аламыз»,- деп санайды М. Заполев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті