ТМД бойынша өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны Қырғызстанда тіркелген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД бойынша өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны Қырғызстанда тіркелген

ТМД бойынша өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны Қырғызстанда тіркелген

Бішкек. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД аясында өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны Қырғызстанда тіркелген. Бұл жөнінде әйелдердің саяси пікірсайыс клубының "Қырғызстанның энергосекторының ықтимал жекешеленуінің артықшылықтары мен кемшіліктері және баламасы" тақырыбында өткен отырысында энергетиктер қауымдастығының төрағасы Жамалбек Төлебердиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Наурыз 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстанда ТМД-да өндірілетін электр қуатының ең төменгі өзіндік құны қалыптасқан. Ол кВт/сағатқа 3 тиын», — деді Ж. Төлебердиев.

Оның айтуынша, ГЭС-те елдің бүкіл қуатының 95 пайызы, ал қалған 5 пайыз ТЭЦ-те өндіріледі. ЖЭО-да өндірілген энергияның өзіндік құны 120 тиын.

«Шетелдік инвесторлардың қолына мұндай өндірісті беру қажет пе? Салыстыру үшін айтар болсақ, Өзбекстанда бүкіл өндірілетін электр қуатының 92 пайызы ЖЭО-да өндіріледі және оның өзіндік құны Қырғызстандағыдан әлдеқайда жоғары», — деді ол сондай-ақ.

Ж. Төлебердиевтің айтуынша, елдің энергетика саласының барлық мәселесі электр көлемінің 52 пайызы тұтынушылардың ақша төлемеуінен болып тұр.

36 сом = 1 $

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті