ТМД экономикалық Кеңесі Достастықты 2005-жылға дейін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселесін талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД экономикалық Кеңесі Достастықты 2005-жылға дейін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселесін талқылайды

ТМД экономикалық Кеңесі Достастықты 2005-жылға дейін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселесін талқылайды

Бүгін, 27-маусымда Мәскеу қаласында ТМД экономикалық Кеңесінің 16-отырысы өтеді. Отырыстың күн тәртібіне 14 мәселе енгізілген. Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар Достастықты 2005-жылға дейін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ, халықаралық көлік дәліздері саласындағы ынтымақтастық меморандумының жобасы туралы мәселелерді талқылайды. Бұл туралы KZ-today ақпараттық агенттігіне Достастықтың Парламентаралық ассамблеясының баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 27 Маусым 2003
  • 491
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге, ТМД елдеріндегі көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі декларация жобасын талқылау межеленіп отыр. ТМД экономикалық Кеңесінің отырысына қатысушылар сондай-ақ, ТМД рыногіне тауарлар мен қызмет түрлерін тарату үшін ақпараттық-маркетингтік орталықтар желісін құру жөніндегі 2005-жылға дейін есептелген мемлекетаралық бағдарламаның орындалу барысын сарапқа салады.

Отырыста ТМД аясындағы мемлекетаралық және үкіметаралық бағдарламалар жобасын жасау және оларды жүзеге асыру бырысы туралы да талқыланбақ. Қазіргі жағдаймен ТМД аясында мемлекет және үкіметаралық 32 бағдарлама жобасы бекітілді немесе жасалу үстінде.

Соңғы жаңалықтар