Сенат бүгін пленарлы отырысында ТМД Экономикалық сотының судьясы Сәбит Жолдыбаевты қызметінен босатып, бұл қызметке Венера Сейтімованы сайлау туралы қаулы шығарды.
«Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитет ҚР Парламентінің сенатына ТМД экономикалық сотының судьясы Сәбит Жолдыбаевты өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты және Қазақстан президентінің ұйғарымы негізінде қызметінен босатып, Венера Сейтімованы ТМД Экономикалық сотының судьясы қызметіне сайлауды ұсынды», — деп сенатор Иран Әміров комитет тқжырымдамасын оқып берді.
В.Сейтімова 2011 жылдың маусымынан бастап Алматы қалалық сотының судьясы болып қызмет атқарды.