Жарияланды: 500

ТМД елдерінің теміржолшылары жүк тасымалдаудың жаңа тарифтік саясатын бекітпек ниетте

29-қазанда Бішкекте ТМД елдерінің теміржол әкімшіліктерінің 12-конференциясы басталады. Бас қосуға қатысушылар ТМД аумағында 2004-жылғы фрахт жылында жүк тасымалдаудың жаңа тарифтік саясатының жобасын жасап бекітеді.

Тәжік теміржол әкімшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, тәжік теміржолшыларының делегациясын Ресей жол қатынастары министрлігінің жанындағы әрі ТМД елдері Кеңесінің теміржол дирекциясының жанындағы Тәжікстан темір жолының өкілі Бахром Шодиев басқарады. Конференция 1-қарашаға дейін созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін