ТМД ПАА халықаралық байқаушылары тобы Душанбеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД ПАА халықаралық байқаушылары тобы Душанбеге келді

ТМД ПАА халықаралық байқаушылары тобы Душанбеге келді

ТМД ПАА халықаралық байқаушылары тобы Тәжікстан Республикасы Президентінің сайлауына қысқамерзімді мониторинг жүргізу үшін Душанбеге ұшып келді.

  • 4 Қараша 2013
  • 322
Фото - Caravan.kz

«ТМД ПАА Кеңесінің бас хатшысы — ТМД ПАА Кеңесі хатшылығының жетекшісі Алексей Сергеев Душанбедегі халықаралық байқаушылар тобының жұмысына қатысуда», — деп хабарлады ТМД ПАА баспасөз қызметі.

ТМД ПАА байқаушылар тобына ТМД мисссиясы құрамы кіреді. Топта 35 адам бар. Олардың арасында — Достастықтың сегіз-қатысушы мемлекеттері парламенттерінің мүшелері: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы және Украина өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, Демократияны дамыту, парламентаризм және ТМД ПАА қатысушы-мемлекеттері азаматтарының сайлау құқығын сақтау халықаралық мониторинг институтының қызметкерлері бар.

«ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар тобының Тәжікстан Республикасы Президенті сайлауындағы үйлестірушісі болып Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов тағайындалды», — деп атап өтілген хабарламада.