Бұл туралы Минскіде өткен ТМД сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының қорытындысында белгілі болды, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен.
Кеңес отырысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің халықаралық жастар ынтымақтастығы бойынша Стратегияны жүзеге асырудағы 2014-2015 жылдарға арналған шаралар жоспарын 2020 жылға дейін жасау шешімі қабылданды.
«ТМД мәдени кеңістігіндегі орыс тілі мен әдебиеті. Тәуелсіздік нәтижесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын, «Инновациялық технологиялар мен білім» халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, жоспар бойынша жастар ісі бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, маман дайындау жүйесін жаңғыртуға, жастардың әлеуметтік әлсіз топтарына, оның ішінде мүгедектерге, жетімдер мен көп балалы және нашар отбасылардан шыққан балаларға, босқындар мен шарасыздан қоныс аударушыларға арналған шаралар ұйымдастырылмақ.
Халықаралық форумдар, фестивальдер, бастамалар, сессиялар, слеттер және басқа да салауатты өмір салтын дәріптеу, жастарды кәсіпкерлікке тарту, жастар ынтымақтастығы аясында жалпы ақпараттық кеңістік қалыптастыруға бағытталған гуманитарлық жобаларды өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар студент жастардың ғылыми және инновациялық ынтымақтастығын дамыту аясында Әзірбайжан, Армения мен Ресейде халықаралық ғылыми форумдар ұйымдастырылады.