ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мәжілісі Минск қаласында өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мәжілісі Минск қаласында өтеді

ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің мәжілісі Минск қаласында өтеді

МИНСК. 14-наурыз. Kazakhstan Today. ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің 28-ші мәжілісі 15-16-наурызда Минск қаласында өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

  • 14 Наурыз 2007
  • 365
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжілістің күн тәртібінің жобасына ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түрлі бағыттары бойынша 30-дан астам мәселе қамтылған. Атап айтсақ, 2007-2011-жылдарға арналған ВИЧ/СПИД-пен күрес бағдарламасы, аумақтарды аса қатерлі жұқпалы аурулардың сырттан әкелінуі мен таралуынан санитарлық қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 2011-жылға дейінгі мемлекетаралық бағдарлама, биологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы мен басқа да бірқатар маңызды құжаттар бар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжіліске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Украинаның, сондай-ақ, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі біріккен бағдарламасы т.б бірқатар ұйымдардың өкілдері қатысады. «Шараға Армения, Беларусь, Қыргызстан денсаулық сақтау министрлері, Армения, Беларусь, Молдова, Ресей мен Украинаның бас санитарлық дәрігерлері қатысады деп күтілуде», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті