«Тойбестстарда» тамадалар бәйгесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тойбестстарда» тамадалар бәйгесі өтеді

«Тойбестстарда» тамадалар бәйгесі өтеді

КТК арнасында осы аптадан бастап ел аузында жүрген кілең атақты асабалар «ең үздік» деген атаққа таласады. Той десе ішкен асын жерге қоятын жандардың текетіреске толы тартысын әр сенбінің кешінде біздің эфирден тамашалай аласыздар.

  • 13 Қыркүйек 2014
  • 334
Фото - Caravan.kz


Тамадалардың байқауына бірінші боп Атыраудың мықты асабасыҚайрат Әділгерей түсті. Талай тойларда таңдай қақтырған тума талант «Тойбестардың» көркін қыздырып, көрерменді әбден күлкіге қарық қылды. Енді оны «ең үздік» тамада ету тек сіздің қолыңызда. 01 санын 5708 нөміріне жөнелтіп, дауыс берсеңіз болғаны. Осы атақ үшін келесі болып  маңғыстаулық Қасым есімді асаба сынға түседі. Оның өнерін осы сенбіде тамашалай аласыздар. Жарысқа тағы Жезқазған, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен мен Тараздың тілі жүйрік тамадалары да қатысады. Ендеше, тойыңызға тамада таңдаймын десеңіз, сенбі күні 22:00-де «Тойбестстарды» жіберіп алмаңыз.