"Тойға шығамыз". Ninety One алдағы жоспарын бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тойға шығамыз". Ninety One алдағы жоспарын бөлісті

"Тойға шығамыз". Ninety One алдағы жоспарын бөлісті

Ninety One тобы "Өзіміз ғой" бағдарламасында қонақта болып, алдағы жоспарын бөлісті.

  • 26 Мамыр 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ninety One бұған дейін тойға шықпаған. Топ мүшелері енді тойға шақырту алса, бас тартпайтындарын жектізді.

"Біз әлі тойға шықпадық. Егер біздің шағын райдеріміз орындалса, тойға шығып көрейік деп шештік. Басында той мен шоу-бизнесті бөліп, екеуін араластырмаған едік. Барлық күш-жігерді шығармашылыққа қойдық. Дегенмен, той — қазақтың қазынасы, одан қашып құтыла алмаймыз. Негізі біз тойға ешқашан шықпаймыз деп айтпағанбыз. Ерболат аға не дегенін білмейміз, бірақ біз олай деп мәлімдеме жасамадық", — деді  

Сонымен қатар, қазақстандық бойзбенд тойға қандай жағдайда баратынын білдірді. 


"Егер тойда сахна және қажетті техника болса, біз тойға барамыз. Тек той емес, басқа да ұсыныстарды қарастырамыз", — деді 91 жігіттері.

Соңғы жаңалықтар