Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 499.04
  • 544.45
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Тоқаев Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

  • 17 Наурыз
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тоқаев Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтты.

«Назым Қызайбайды отандық бокс тарихында тұңғыш рет үш дүркін Әлем чемпионы болуымен құттықтаймын. Бұл – айтулы жетістік! Сербияда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде үздік нәтиже көрсеткен Ұлттық құрама мүшелеріне алғыс айтамын. Спортшы қыздарымыздың алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдіремін», — деп жазды Мемлекет басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.