Бұл жаңа технология бойынша небәрі бір минуттың ішінде 250 бет көшірмеленеді.
NewScientist басылымының жазуынша, жапониялық мамандар сканерлеудің шапшаң жүйесі алдымен кітапты парақтау үдерісін бейнежазбаға түсіріп, соңынан әр бетті экранға шығарудың алгоритмін қолдану негізінде жасаған. Сондай-ақ бұл жобаның авторлары кітап беттерінің қаз-қалпында көшірмеленуі үшін деформацияның математикалық моделін пайдаланған. Еске сала кетсек, бір қалың кітаптың электронды нұсқасын жасау үшін тәулікке жуық уақыт жұсалатын. Болашақта ғалымдар жаңа технологияның жылдамдығын 20 есе арттыруды көздеп отыр.