Төлеген ЕСП-сын кімдер қайтара алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төлеген ЕСП-сын кімдер қайтара алады?

Төлеген ЕСП-сын кімдер қайтара алады?

42 500 теңгеге қол жеткізе алмаған жұрт енді өздері төлеген Бірыңғай жиынтық төлемді, яғни ауызекі тілдегі ЕСП-ны қайтара алмай әлек.

  • 4 Мамыр 2020
  • 142
Фото - Caravan.kz

Өйткені кей адамдар оның мән-жайын түсінбей екі рет, тіпті өзге біреудің атынан төлеп жіберген. Ал күні кеше мемлекеттік кірістер комитеті төлемді білместіктен аударып жібергендер ақшаны қайтарып алуға болатынын мәлімдеді. Ол үшін өтінішті электрондық үкіметке жіберу қажет. Осы ретте азаматтарға арналған үкіметтік портал мамандары қаржыны қайтарудың жолдарын түсіндірді.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

ГҮЛЖАН ӘЛІБАЕВА, «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МК КЕ АҚ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

«Бұл төлемді қайтару үшін азаматқа мемлекеттік корпорацияға арнайы бөлімшелеріне келіп, арыз жазуына болады. Осы жазылған арыз негізінде әлеуметтік сақтандыру қоры, мед сақтандыру, бірыңғай зейнетақы қоры, кірістер комитетіне осы сумманы қайтаруға өтініш білдіреді. Органдар ақшаны қайтарғаннан кейін оны жинақтап, арыз жазған адамның есепшотына қайтарамыз!».

Осылайша, мамандар әзірге төлемді қайтаруға қатысты өтінішті онлайн түрде қабылдау мүмкін емес екенін айтады. Себебі оның механизімдерді дайын емес. Аталмыш жоба іске асыру үшін еңбек министрлігіне ұсыныс жасалыпты. Айта кетейік, елімізде 300 мың адам ЕСП-ны ай сайын төлеп келген. Осы ретте, бейресми жұмыс істейтіндердің саны Төтенше жағдай кезіңде екі еселенді. Сарапшылар егерде табысы тұрақсыз болып, үш айда бір рет қана нәпақасын тауып жүргендер ай сайын ЕСП төлейметінін айтады. Сондықтан да пабликтерде өріп жүрген түрлі қауесеттерге сенбеуге шақырды.


 

Соңғы жаңалықтар