Мемлекет басшысы кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын айтты.
"Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады", — деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін Алматы маңындағы жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Апат себебін анықтау үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) December 27, 2019
Еске сала кетейік, Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bekair әуекомпаниясының апатқа ұшырағанын хабарланған еді.
Апаттан әзірге 9 адам қаза тапты, оның алтауы — балалар.