Жарияланды: 500

"Үйдің үстіне құлаған": Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

"Үйдің үстіне құлаған": Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматыдағы әуе апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2019 жылы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Bek Air әуе компаниясының № Z2100 Алматы - Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсі ұшу кезінде биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға соғылған. Нәтижесінде екі қабатты ғимаратпен соқтығысқан. Бірден құтқару жұмыстары басталды, өрт шыққан жоқ. Әуе кемесінің жолаушылары мен экипажы эвакуацияланып жатыр. Қаза тапқандардың саны - 7. Премьер-Министрдің тапсырмасымен Үкімет комиссиясы құрылды, оны вице-премьер басқарады. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді. Комиссия оқиға орнына барады. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері анықталады. Апат жағдайлары анықталғанға дейін осы типтегі әуе рейстері уақытша тоқтатылады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған", - делінген хабарламада.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін