Тоқаев асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті

Тоқаев асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Алматы – 2050" даму стратегиясының жобасын таныстырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 29 Қазан 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, асыраушысы жоқ 12 балаға пәтер кілтін табыс етті.

"Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын", — деді мемлекет басшысы.


Жалпы Алматы қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.