Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.25
  • 485.18
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев Әзербайжан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

  • 8 Ақпан
  • 100
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Әзербайжан Президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.

Соңғы жаңалықтар