Тоқаев оралмандарға қатысты 28 жыл бұрынғы құжатты жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев оралмандарға қатысты 28 жыл бұрынғы құжатты жариялады

Тоқаев оралмандарға қатысты 28 жыл бұрынғы құжатты жариялады

991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн-нан астам қазақ көшіп келді.

  • 18 Қараша 2019
  • 47
Фото - Caravan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter парақшасына 1991 жылы 18 қарашада жарияланған сол тұстағы ҚазССР министрлер кабинетінің қаулысын салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«18.11.1991 ж. Н. Назарбаевтың бастамасымен шетелдегі қандастарымызды елге көшіру туралы ҚазССР Үкіметінің қаулысы қабылданды. Бұл қандастарымыздың тарихи Отанына оралуына мүмкіндік берген маңызды құжат болды. 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн-нан астам қазақ көшіп келді» деп жазған ол.

Айта кетсек, бүгін президент жариялаған ресми құжаттың қабылданғанына 28 жыл толып отыр.