Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасына бірқатар тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасына бірқатар тапсырма берді

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.

  • 5 Ақпан
  • 9
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіптің» былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріліп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарлары таныстырылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президентке өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқаны жөнінде баяндалды. Мейіржан Юсуповтың айтуынша, 2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан. Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Президентке минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.