Тоқаев қоғам билікпен келіспесе, еркін сынай алатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев қоғам билікпен келіспесе, еркін сынай алатынын айтты

Тоқаев қоғам билікпен келіспесе, еркін сынай алатынын айтты

Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткендермен кездесті. Жиын барысында президент осындай пікір білдірді.

Мен президенттік сайлау кезінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғаным баршаңызға мәлім. Ол басты үш қағидаға н

  • 15 Қаңтар 2020
  • 63
Фото - Caravan.kz

Мен президенттік сайлау кезінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұсынғаным баршаңызға мәлім. Ол басты үш қағидаға негізделген. Біріншісі — ашықтық және жариялылық. Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Осы ретте ол елге демократия қажет екенін айтты. Сондықтан қоғам өкілдері енді билікке өз ойларын ашық айтуларына болады.

"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңның нормалары сапалы орындалуы керек. Шешім қабылдау кезінде барлық талаптар сақталуы тиіс. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады. Сыбайлас жемқорлыққа барынша қарсы тұру — негізгі мақсаттың бірі. Қоғам өкілдерінің биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болуы қажет, — деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, президенттік жастар кадрлық резервіне қыркүйек айынан басталған іріктеу желтоқсанға дейін жалғасты. Жалпы іріктеуге 13 мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында президенттік жастар кадрлық резервіне 300 үміткер таңдалып алынды. Олардың 106-сы жеке сектор, 98-і квазимемлекеттік сектор өкілі, ал 96-сы мемлекеттік қызметкер. Оның ішінде 57% шетелдік білімі бар, ал 43% – қазақстандық ЖОО түлектері. Іріктеу жеңімпаздарының орташа жасы — 31. Тізімге енгендердің 13-і Нұр-Сұлтан, 46-сы Алматы, 5-еуі Шымкент қаласының тұрғыны екен.


Соңғы жаңалықтар