Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Президент мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсететінін айтты. Ал, кінәлілер қатаң жазаланатынын ескертті.

  • 9 Ақпан 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты. Ол өзінің Twitter-дегіпарақшасында жазба жариялады.

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!"

​Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

Арнайы құрылған штаб өкілдері қақтығыс салдарынан 11 адам қаза болғанын хабарлады.

2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21:00-ден бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар