Тоқаев Тәжікстанмен ынтымақтастық жөнінде: Энергетика мен машина жасауда әлеует зор - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Тәжікстанмен ынтымақтастық жөнінде: Энергетика мен машина жасауда әлеует зор

Тоқаев Тәжікстанмен ынтымақтастық жөнінде: Энергетика мен машина жасауда әлеует зор

 

  • 4 Мамыр 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен бірлескен мәлімдемесінде қазақ-тәжік қарым-қатынасында энергетика мен машина жасау саласының әлеуеті зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Біз өзара сауданы одан әрі кем дегенде 2 миллиард долларға дейін арттыру үшін қажетті қосымша қадамдар жасауға келістік. Тараптардың нақты күш-жігерімен бұл көрсеткішті күшейтуге болады. Қазақстандық өндірушілер қазірдің өзінде Тәжікстанға жалпы сомасы 140 млн доллардан асатын, 60 түрлі тауардан тұратын экспортын ұлғайтуға дайын. Біздің ел Тәжікстанға азық-түліктен бастап теміржол компоненттері мен жылжымалы құрамдарға дейін тауарлардың кең желісін жеткізуді арттыра алады.

«Kazakh Export» компаниялары желісі бойынша келешегі зор келісімшарттар жасалуы мүмкін. Бұл желінің қызметі ТМД елдерінде кеңінен сұранысқа ие. Тәжік бизнесінің де Қазақстанға жеткізетін экспорт көлемін ұлғайту үшін үлкен резервтер бар екеніне сенімдімін», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, келіссөз кезінде 2023-2024 жылдарға арналған тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасын іске асыру тетіктері де талқыланған.

«Үкіметтерге осы бағыттардың бәрін мұқият пысықтау тапсырылды. Келіссөздер барысында біз өнеркәсіп кооперациясын дамытуда зор әлеуетіміз бар екенін атап өттік. Біз екі ел экономикасы өсімінің жаңа көзіне айналатын бірлескен жобаларды іске қосуға келістік. Энергетика мен машина жасауда екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуде үлкен мүмкіндіктер бар», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды елорда әуежайында қарсы алған болатын.

Ал 3 мамырда Қазақстан-Тәжікстан бизнес-форумында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды.

Бүгін қос елдің басшылары шағын құрамдағы келіссөз өткізді. Өз кезегінде Э.Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.