Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты

Тоқаевтың Facebook-тегі аккаунты фейк боп шықты

ҚР Президентінің аккаунты жалған болып шықты. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. 

  • 18 Сәуiр 2019
  • 82
Фото - Caravan.kz

Берік Уәли соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде Мемлекет басшының атынан ашылған фейк аккаунттар көбейіп кеткендігін айтады. Ол сондай-ақ кейбіреулер жалған аккаунтты коммерциялық мақсатта қолданатынын да жеткізді. 

«Осыған байланысты барша әлеуметтік медиа қолданушылар мен БАҚ өкілдеріне ескертеріміз — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан — @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты», –  деп жазды ол. 

Берік Уәли әлеуметтік желі қолданушыларын презмдент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін ресми аккаунттарға ғана жүгінуге шақырды. 


Соңғы жаңалықтар