Жарияланды: 360

Төрағалар ЕурАзЭҚ аясындағы заңмен қамтамасыз ету мәселелері туралы ой бөлісті

Бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) Парламентаралық ассамблеясының төрағасы Орал Мұхамеджанов Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Ахматбек Келдібеков мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында ЕурАзЭҚ мүшелері болып табылатын Қазақстан мен Қырғызстанның өзара келісілген құқықтық саясатын қалыптастыру жөніндегі, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі қос мемлекеттің ұлттық парламентінің заң шығарушылық қызметін үйлестіру туралы өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық байланысты бүгінгі жай-күйі мен келешегі, соның ішінде басқа да парламентаралық ұйымдармен қарым-қатынас туралы ойлар ортаға салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін