Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты

Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты

Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты.

  • 2 Қазан 2022
  • 149
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

“Көлсай көлдері" ұлттық саябағының аумағында гидті дұрыс көзқараспен қарамағаны үшін соққыға жыққан белгілі әнші Төреғали Төреәлі 10 миллион теңге кепілге беріп, бостандыққа шықты”, – деп жазды Sputnik Қазақстан телеграм арнасында. 

Еске салайық, оқиға 28 қыркүйекте Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық парк аумағында болды. Әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын жеткізген еді. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді. 


Құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеліп, Төреғали Төреәлі қамауға алынған болатын.