Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төреғали Төреәлі Талғар уақытша ұстау изоляторына концертпен емес, бұзақылыққа күдікті ретінде келді. Кеше ғана оның гидті ұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін "бұзақылық" туралы іс қозғалып, ол уақытша изоляторға қамалды. Айтпақшы, полицияның айтуынша бұзақылықты Төреғали жалғыз емес, бірнеше адаммен бірге жасаған.