Төреғалиға сын айтқаны үшін Талғат Жорабаевты қорқытқан адамды ҰҚК қызметкерлері анықтауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төреғалиға сын айтқаны үшін Талғат Жорабаевты қорқытқан адамды ҰҚК қызметкерлері анықтауға кірісті

Төреғалиға сын айтқаны үшін Талғат Жорабаевты қорқытқан адамды ҰҚК қызметкерлері анықтауға кірісті

Төреғали Төреәлінің ерсі қылығына сын айтқан әнші Талғат Жорабаевты телефон арқылы қорқытқан адамды ҰҚК қызметкерлері анықтауға кіріскен көрінеді. Бұл жайлы белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жазды.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 1138
Фото - Caravan.kz

Осыдан біраз уақыт бұрын тілші әлдебір лауазымды адамның әншіге қоқан-лоққы көрсеткен сөздері жазылған аудио-жазбадан үзінді жариялаған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл жол Бибігүл Дәулетбекқызы аудио таспаның толық нұсқасын жариялады.

“Бұл аудиожазбаның толық нұсқасын көпшілік есту керек деген шешімге келдім. “Алматы облысы Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің бірінші орынбасары Базарбаймын”,- деп таныстырған бұл кісіні бүгінде комитеттің жігіттері қолға алуда. Жаңа Жылдан соң бұл дауға нүкте қойылады деген болатын. “Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі жас әнші Талғат Жорабаевты қорқытқан бұл кісі кім болды екен?”,- деген сұрақ оларды да алаңдатуда. Олар: “Бүгін біздің атымыздан қорқытады, ертең тағы бір үлкен кісілердің есімімен жүреді ғой”,- деп ашулануда. Ал, шын мәніндегі Базарбай деген “үлкен посттағы” кісі шетелде жүр. Ол Талғатқа өткен жолы WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, қорықпауға шақырды.

Біле білсеңіздер, осы даудан кейін маған көптеген әншілер шықты. Әріптестерінің көңілi Төреғали Төреәліден баяғыда қалған екен”, – деп жазды журналист.

Еске салсақ, әнші Төреғали Төрелі Павлодарда өткен концертте әлдебір қарияға дөрекі сөздер айтып, залдан қуып жіберген болатын.

Ескерту! Жазбада бейәдеп сөздер кездеседі!


Әкеме Төреғалидың жақтастары әбден мені жамандапты. Соларға айтарым: Руға, жерге бөлінгенді қойыңдаршы! "Ауруын жасырған өледі" деген сөз бар. Жүріңдер сол кеше ғана сахнаға шығып, фонограммамен ән айтқан әншілерден сөз естіп. Мен Дәулетбектің ғана қызы емеспін, Халықтың қызымын! Журналист — руға, жерге, ұлтқа бөлінбейтінін қашан ұғады екен осы жұрт?! P. S: Осы күнге дейін жарияламай келген едім. Бұл аудиожазбаның толық нұсқасын көпшілік есту керек деген шешімге келдім. "Алматы облысы Ұлттық Қауіпсіздік Департаментінің бірінші орынбасары Базарбаймын",- деп таныстырған бұл кісіні бүгінде комитеттің жігіттері қолға алуда. Жаңа Жылдан соң бұл дауға нүкте қойылады деген болатын. "Әнші Алтынай Жорабаеваның інісі жас әнші Талғат Жорабаевты қорқытқан бұл кісі кім болды екен?",- деген сұрақ оларды да алаңдатуда. Олар: "Бүгін біздің атымыздан қорқытады, ертең тағы бір үлкен кісілердің есімімен жүреді ғой",- деп ашулануда. Ал, шын мәніндегі Базарбай деген "үлкен постағы" кісі шетелде жүр. Ол Талғатқа өткен жолы WhatsApp желісі арқылы қоңырау шалып, қорықпауға шақырды. Біле білсеңіздер, осы даудан кейін маған көптеген әншілер шықты. Әріптестерінің көңілi Төреғали Төреәліден баяғыда қалған екен.

Posted by Бибігүл Дәулетбекқызы on Wednesday, January 3, 2018

Соңғы жаңалықтар