Жарияланды: 3400

"Төрт ай жұмыс істетіп, ақымды бермеді" Айгүл Иманбаеваның әкесі әлдекімді құлдықта ұстаған ба?

"Төрт ай жұмыс істетіп, ақымды бермеді" Айгүл Иманбаеваның әкесі әлдекімді құлдықта ұстаған ба?

Айгүл Иманбаеваның әкесі Кенже есімді азаматты үйінде төрт ай жұмыс істетіп, еңбек ақысын бермеген көрінеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салсақ Сарбиноз есімді келіншек өзін жиырма қойға айырбастап кеткен күйеуі туралы айтып, құлдықта отырғанын және құтқаруын өтініп сұраған болатын. Құлдықта жүргені жайлы қыз желі арқылы өзге бір жігітке жазған. 

Алайда күйеуі Кенже Ешимов оны жоққа шығарып отыр.

"Мен төрт ай Серік Иманбаевтың үйінде қой бақтым. Төрт ай мені жұмыс жасатып, ақымды берген жоқ. Басында сені ренжітпеймін ақыңды беремін деген келісім болған. Алайда ешқандай қаражат берген жоқ. Содан ол жақтан кетіп қалдым" - дейді Кенже.

Ал келіншегі болса сол жақта өз еркімен қалған екен. Жігіттің айтуынша, ешқандай да құлдықта отырған жоқ. 

Қазіргі таңда Кенже мен Сарбиноз екі жақта. Араларында болған ұзақ оқиғаның шешімі әлі де табылған жоқ. 

Желі қолданушылары: 

"Айгүл Иманбаеваның әкесі сондай адам ба екен не? Олай ойламадым","Мәссаған, біреудің ақысын жеу жаман ғой","Енді ақшасын қайтаратын шығар","Ондай адамдар деп ойламаппын" -деген пікірлерді оқша боратуда.  Дегенмен қыздың құлдықта жүргені туралы аталған айыптауларының қаншалықты рас екені әзірге белгісіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін