Жарияланды: 20

Төрт сантехниктің қазасына кінәлілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Төрт сантехниктің қазасына кінәлілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Төрт сантехниктің қазасына байланысты қамауға алынған «Астана су арнасының» қызметкерлері 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тергеу изоляторына жабылған монополист мекеменің екі лауазымды қызметкері кінәларын мойындаған.

 Жауап алу барысында сталған екі азамат қатты өкінді. Сонымен қатар жеткіліксіз жұмыс істегендерін мойындайды. Енді 7 жылға дейін жаза берілуі мүмкін, деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының бөлім бастығы Нұрлан Мұқанов. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Қамауға алынғандардың бірі «Астана су арнасының» бас механигі. Ол, жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты болған. Яғни, құдық ішінде улы метанға тұншыққан сантехниктерге газдан қорғайтын бетперде кидіруі керек еді. Бірақ бұл ереже орындалмаған. Ал, қолына кісен салынған екінші адам Алматы ауданына қарасты «Астана су арнасының» жетекшісі. Ол да қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған деген күдікпен изоляторда отыр. Қазір «еңбекті қорғау ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жантүршігерлік қайғылы оқиға тура 20 күн бұрын болған еді. Кәріз құдығын бітемек боп ішіне түскен бір сантехник газға уланып тіл тартпай кетеді. Кейін оны құтқарамын деп төменге бірінен соң бірі түскен үш жұмысшы да метанға тұншығып қаза тапқан. Олар 24, 26, 31 және 51 жастағы жұмысшылар.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін