«Total» басшысының өлімі «Қашаған» жобасына кедергісін келтіруі мүмкін бе? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Total» басшысының өлімі «Қашаған» жобасына кедергісін келтіруі мүмкін бе?

«Total» басшысының өлімі «Қашаған» жобасына кедергісін келтіруі мүмкін бе?

 «Total» басшысының өлімі «Қашаған» жобасына кедергісін келтіруі мүмкін бе? Себебі бұл алпауыт компания кенішке қомақты қаржы салған ірі инвесторлардың бірі. Яғни, «Қашағанның» 17 пайыз акциясына ие. Алайда  шенеуніктер қайғылы жағдай жобаға кері әсерін тигізбейтініне сенімді.

  • 22 Қазан 2014
  • 245
Фото - Caravan.kz


Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:

— Әлемдік алпауыт компанияда жұмысты әрі қарай дөңгелетіп алып кететін, іскер азаматтар бар деп ойлаймын. Меніңше компания басшысының қазасына байланысты  «Қашағанға» деген көзқарас өзгермейді. Өзара қарым-қатынасымыз бұрынғыша қала береді деп сенемін.

Кристоф де Маржеридің отбасы мен жақындарына көңіл айтып, бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеделхат жолдады. «Кристоф де Маржери кәсіби маман және беделді басшы болатын, Қазақстан мен Францияның достық қарым-қатынастарын нығайтуға және еліміздегі энергетика секторын дамытуға зор үлес қосқан ірі тұлға еді» делінген Елбасының хатында.