Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өндірістік объектілерді декларациядан өткізуді оңайлататын заңнамалық өзгерістерді жасап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өндірістік объектілерді декларациядан өткізуді оңайлататын заңнамалық өзгерістерді жасап жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өндірістік объектілерді декларациядан өткізуді оңайлататын заңнамалық өзгерістерді жасап жатыр

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар министрлігі қауіпті өндірістік объектілерді декларациядан өткізуді оңайлататын заңнамалық өзгерістерді жасап жатыр. Бұл туралы бүгін брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдай және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Виктор Веснин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Қазіргі уақытта "Үшінші тұлғалардың жауапкершілігін сақтандыру мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жасалуда... Біз қауіпті өндірістік объектілерді декларациядан өткізу процедурасын айтарлықтай оңайлатамыз және тиісінше сақтандыру процедурасы да оңайлатылатын болады", - деді В. Веснин.

  • 6 Наурыз 2008
  • 842
Фото - Caravan.kz

Ол шағын және орта бизнеске түсер ауыртпалықты азайту үшін комитетке тіркелген барлық қызмет түрлерін лицензиядан өткізу тоқтатылғанын еске салды.

«Соған қарамастан, бұл әкімшілік қысымның жойылуы республикадағы өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз етуді нашарлату деген сөз емес. Бірқатар шаралар қатаңдатылатын болады», — деп атап көрсетті ол.

Сонымен бірге, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында неғұрлым жақсы жұмыс істеген кәсіпорындарды ынталандыратын және өз өндірістерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпейтіндерге қарсы жеткілікті деңгейде қатаң шаралар қолданатын жүйе ұсынылады, — деді В. Веснин.

«Яғни, бұл жүйе автоматты түрде, мемлекеттік инспектордың артық қатысуынсыз жұмыс істеуі керек», — деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті