Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Трамп Нұрсұлтан Назарбаевты Вашингтонға шақырды

Бұл туралы Елбасы Астана клубының үшінші отырысында мәлім етті.

  • 16 Қараша 2017
  • 223
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтарда Дональд Трамппен Вашингтонда келіссөз жүргізеді, — деп хабарлайды Zakon.kz.

"Телефонмен сұхбат кезінде Президент Трамп мені Ақ үйге шақырды. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне байланысты мен сонда боламын. Сол кезде мен Вашингтонға баратын болып келістік», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының үшінші отырысында.

Мемлекет басшысы елдерді экономикалық мүдделер байланыстыратынын айтып кетті.


«300-ден астам америкалық компания Қазақстанда жұмыс істейді. Олар біздің елге 50 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Олар — мұнай, энергетика салаларындағы ірі компаниялар. Біз ынтымақтастықты жалғастыруды қалаймыз», — деді Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар