Келісімшарт сомасы 8,94 млрд теңгеден асты. Бастапқы құны 6,82 млрд теңге болған, деп хабарлады «Самұрық Қазына Келісімшарт» ЖШС баспасөз қызметінен.
«Транстелеком» АҚ — қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі. Кәсіпорын 1998 жылы құрылған. Компания Астана қаласында орналасқан, жұмысшылардың саны — 2 662 адам.
Компания жергілікті, қалааралық, халықаралық байланыс, ғаламтор желісіне қолжетімділік, жылжымалы радиотелефон байланысы, жылжымалы радтобайланыс, ұялы байланыс және өзге де телекоммуникациялық қызмет көрсетеді.
Сатып алу-сату келісімшартында қызметкерлердің мүдделері ескерілген. Онда сатып алушыға бір жыл ішінде компания қызметінің профилін сақтап, қызметкерлер штатын қысқартпай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұжымдық келісімшартын сақтау міндет етілді.
Еске сала кетейік, 2014-2016 жж арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында «Самұрық Қазына» АҚ-ның 106 еншілес және тәуелді ұйымы жеке секторға өткізуге жатады. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 36,65 млрд теңгені құрайтын 27 актив сатылды.