ТШО ЖШС Шикі газ айдау және Теңіздегі екінші буын жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздерін тартуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТШО ЖШС Шикі газ айдау және Теңіздегі екінші буын жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздерін тартуды жоспарлап отыр

ТШО ЖШС Шикі газ айдау және Теңіздегі екінші буын жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздерін тартуды жоспарлап отыр

Теңізшевройл ЖШС Шикі газ айдау және Теңіздегі екінші буын жобаларын жүзеге асыру үшін қосымша қаржы көздерін тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Атырауда өткен баспасөз мәслихатында ТШО ЖШС-нің бас директоры Александр Корнелиус мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 698
Фото - Caravan.kz

«Біз жобаларға арнап қосымша қажы көздерін іздестіру туралы ұйғарымға келдік. Осы мақсатпен кеңесшілер, заңгерлер мен бағалаушылар қызметін қосымша жалдадық»,- деді А.Корнелиус. Оның айтуынша, «қазір олар аталмыш жобаларға қосымша қаржы көздерін табу мүмкіндіктерін айқындау үшін ТШО-ның жұмысын бағалауда».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен кәсіпорын дәл қазіргі кезеңде жүзеге асыра бастаған Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобаларының жалпы құны 3,5 млрд. долларға бағаланған-тұғын. Алайда, А.Корнелиустың баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, «қазіргі таңда жобаның құны 4 млрд. долларға жетті. Оның 3,5 млрд. доллары зауыттар мен инфрақұрылымды салуға, ал 0,5 млрд. доллары ұңғыларды бұрғылауға жұмсалады».
Бүгінде ТШО ЖШС Теңіз кенішіндегі Шикі Газ Айдау жобасындағы нысандарды салуға арналған алаңдарды дайындап қойды.
Шикі Газ Айдау жобасындағы нысандарды салу жұмысы 2005-жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп межеленген. Жалпы алғанда Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобасының барлық нысандары 2006-жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда ТШО акционерлерінің қатарында ChevronTexaco Overseas (50%) , ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ (20%), LUKArco (5%) бірлескен кәсіпорны бар.

Соңғы жаңалықтар