"Туды ұмытқандары ұят болды": Белгілі журналист Ризабек Айтмұқанның соңғы белдесуінде болған сұмдықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Туды ұмытқандары ұят болды": Белгілі журналист Ризабек Айтмұқанның соңғы белдесуінде болған сұмдықты айтты

"Туды ұмытқандары ұят болды": Белгілі журналист Ризабек Айтмұқанның соңғы белдесуінде болған сұмдықты айтты

Белгілі спорт журналисі Аслан Каженов Сербияда өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанның соңғы  белдесуінен кейін ұйымдастырушылардың көк туды таппай қалғанын айтты. 

  • 19 Қыркүйек 2023
  • 266
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Туды ұмытқандары ұят болды…

Әңгіме тағы Ризабек Айтмұқанның жеңісі туралы. Соңғы белдесуден кейін көк туды таппай қалды. Бұл — масқара "косяк". Ұлттық құраманың басы-қасында қаншама маман жүр?! Ішінде тікелей жауаптылар да бар. Олар неге алмаған. Сонда жеңісіне сенбеді ме?

Бұған дейін де осындай жағдайлар болып жүрді. Көбіне әнұранымыз дұрыс қойылмайды. Барлығын ұйымдастырушылар тарапқа сілтеп, технично жауып тастаймыз. Негізі кінә өзімізден. Осы мәселеге де терең үңіліп, нақты шаралар қолданатын уақыт келді деп ойлаймын", — деп жазды ол. 

Айта кету керек, отандасымыз Ризабек Айтмұқан Сербия астанасы Белгрдта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 92 кг салмақта еркін күрестен әлем чемпионы атанды. Осылайша, балуан тәуелсіз Қазақстанның тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы болды. 


Соңғы жаңалықтар