Заманауи техникамен жабдықталған кабинеттің кілтін ресми түрде табыстауға әйгілі гроссмейстер Анатолий Карпов шақыртылыпты. Енді мұнда 16 оқушыдан бөлінген әр топ дәріс алатын болады. Яғни, ағылшын пәнінде сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үйренеді. Сондай-ақ, шахматтың қас шебері мектеп оқушыларына ізгі тілектерін білдіріп, шахмат үйірмесін де көріп қайтты. Шараға әйгілі шахматшы жалғыз емес ізбасары, Жансая Әбдімәлікті де ерте келген.