"Түнімен ұйқы бермейді": Петропавлда әйел адам күйеуінің үстінен арызданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түнімен ұйқы бермейді": Петропавлда әйел адам күйеуінің үстінен арызданды

"Түнімен ұйқы бермейді": Петропавлда әйел адам күйеуінің үстінен арызданды

Петропавлда ер адам әйеліне түнімен ұйқы бермей, оны зорлық-зомбылықпен қинап келген.

  • 22 Тамыз 2019
  • 225
Фото - Caravan.kz

Осының әсерінен әйелдің денсаулығы нашарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Петропавл қаласының 1962 жылғы тұрғыны әйелдерді қорғайтын топқа хабарласып, ішімдік әсерінен күйеуінің қандай жаман адамға айналғанын айтып берді. Ол жұдырықтағанымен қоймай, зорлық-зомбылықтың психологиялық түріне көшкен. Мысалы, түнде ұйқысынан айырған. Осының әсерінен әйел адамның денсаулығы құртылған», — деді полициядағылар.

Полиция жедел түрде әйелдерді қорғау орталығымен байланысқа шығып, оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарын қабылдайтын үйге орналастырды. Енді ер адаммен учаскелік инспектор жұмыс істейтін болады.


Мұнымен қатар, полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін жеткізді. Қызметкерлер 2 мың адаммен сөйлесіп, әйелдерге өзін және балаларын зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керегін түсіндіретін 3 мың буклет жіберген.

Соңғы жаңалықтар