Тұрғындардың қарсылығына қарамастан Ақтөбедегі 2 ауданға «Астана» және «Алматы» атаулары берілетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тұрғындардың қарсылығына қарамастан Ақтөбедегі 2 ауданға «Астана» және «Алматы» атаулары берілетін болды

Тұрғындардың қарсылығына қарамастан Ақтөбедегі 2 ауданға «Астана» және «Алматы» атаулары берілетін болды

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласының Алматы мен Астана аудандарына қатысты өз ойын білдірді.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 71
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды. 

«Заң бойынша, қала халқының саны 400 мыңнан асса, қаланы екі ауданға бөлу керек. Бүгінде Ақтөбеде 480 мың адам тұрады. Облыс тарапынан екі ауданға бөлу жөнінде ұсыныс жасалды. Ұсынылған атаулар арасында Алматы мен Астана атаулары да болды», — деді Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Әкімнің айтуынша, ұсынылған атаулар қатарында Əбілқайыр хан, Абай, Есет батыр есімдері болды, сонымен бірге, Сазды мен Елек өзендерімен атау керек дегендер болды.

«Іріктеп, талдай келе Алматы мен Астана деген атауға тоқталды. Депутаттар да, ономастикалық комиссия да бір ауыздан қолдады. Елек өзені Қазақстанда басталады екен де, Ресейде аяқталады. Сонда ол қай елдің өзені? Сазды шағын ғана өзен. Жалпы біз Астана мен Алматы атауларын насихаттауымыз керек. Әрі-беріден соң, тұрғындар мекенжайларын айтқанда Астанада тұрамын, Ақтөбеде тұрамын демейді. Есет батыр көшесінде тұрамын деп айтады береді», — деді Бердібек Сапарбаев.

Еске салайық, бұған дейін ақтөбелік белсенді азаматтар қаладағы жаңа екі ауданға «Астана» мен «Алматы» атауларының берілуіне қарсылық білдіріп, Президентке ашық хат жазған болатын. Егер билік олардың талаптарына құлақ аспаса митинг ұйымдастырамыз дейді.


Оқи отырыңыз:

Ақтауда 40 жыл бұрын жерленген марқұмның орынына жақында қайтыс болған адамды көмген

Ипотекасын төлей алмағандардың баспанасын тартып алуға тыйым салынбақ

ШҚО-да Ұлы Отан соғысы ардагерлері 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады