Түрікменстан президенті "Украина мұнайгазы" ҰАК мен "ИТЕРА" халықаралық компаниялар тобына 2004-жылы 46 млрд. текше метр газ сату туралы келісімге қол қойды
Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов "Украина мұнайгазы" Ұлттық акционерлік компаниясы мен "ИТЕРА" халықаралық компаниялар тобына 2004-жылы 46 млрд. текше метр газ сату туралы келісімге қол қойды. Оның 36 млрд. текше метрін "Украина мұнайгазы" Ұлттық акционерлік компаниясы, 10 млрд.-ын "ИТЕРА" халықаралық компаниялар тобы сатып алады. Бұл туралы "ИТЕРА" компаниясының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. |
Келісімге Түрікменбашы қаласына таяу жерде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан "Сердар" қонақ үйінде 11-шілдеде қол қойылды. Құжаттарға қол қою рәсіміне Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов , "Украина мұнайгазы" Ұлттық акционерлік компаниясы мен "ИТЕРА" халықаралық компаниялар тобының президенттері Юрий Бойко мен Игорь Макаровтар қатысты.
Сондай-ақ, өзара газ саудасы жөніндегі келісім шартына қол қойылуына 25-жыл толу мерейтойына орай "Газпром" ААҚ да 2004-жылы Түрікменстаннан алғашқы 6 млрд. текше метр газды сатып алмақшы.
2003-жылы Түрікменстан жалпы 2,5 млрд. теңгеге 51 млрд. текше метр көгілдір отын экспортқа шығарады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін