Түркі тарихына тың көзқарас! Көне діни орталықтың орны табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркі   тарихына тың көзқарас! Көне діни орталықтың орны табылды

Түркі тарихына тың көзқарас! Көне діни орталықтың орны табылды

Түркістанда археологиялық қазба жұмыстары барысында көне діни орталықтың орны табылды. Бұл нысанның Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан анықталуы түркі топырағының тарихына тың көзқарастар алып келетініне ғалымдар сенімді.

  • 2 Шiлде 2011
  • 581
Фото - Caravan.kz

Осыған ұқсас архитектуралық нысан бұған дейін Тараз бен Ташкентте табылған. Көне ғимаратты археологтар біздің дәуіріміздің 3-4 ғасырында салынған деп отыр. Қазіргі Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңынан табылған нысанның ұзындығы 18 метр, биіктігі 3 метрболса, ал қабырғаларының қалыңдығы  екі метр. Археологтар күрделі құрылыстың Оңтүстік және Шығыс жағында тағы бірнеше ғимаратты аршып алды. Табылған заттарға қарап, ғалымдар бұл жерде ықылым замандарда ғибадатхана болған деген байламға келді. Әзірге оның қай дінге жататынын дөп басып айту қиын; исламға тиесілі еместігі анық. Қазба жұмыстары Қожа Ахмет Яссауидің өмір тарихын толықтыра түседі. Өйткені көне Сайрамда туып, Бұхарада білім алып, діни-ағарту бағытында жоғары дәрежеге жеткен Яссауидің осы Яссы қаласына келуінің себебін білуге боладыдейді ғалымдар. 


Ерболат Смағұлов, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері
:

— Яссы қаласы кезінде шетте орналасқан, қатардағы шағын қалалардың бірі болатын. Ал мына ғибадатхананың табылуы  Қожа Ахметтің дәл осында келуіне үлкен қажеттілік туындағанын көрсетеді. Өйткені мұнда исламға дейінгі, әзірге белгісіз діннің тірегі болған. Сондықтан, Қожа Ахмет сияқты діни қайраткер осында келіп, ислам дінін  таратты.        

Соңғы жаңалықтар