—Сенің қара көздерің
-От береді жаныма
Махабат туралы шырқаған Ғұрбанғұлы Бердімұхамедовке қошемет ерекше. Үлкені де кішісі де, тіпті шенеуніктерге дейін президенттерімен қосылып ән айтты, биледі. Түркімен елінің басшысы осылай тағы бір қырынан танылып отыр. Шабыттанғаны соншалық, түнгі клубтардағы ди-джейлерден кем емес. Ал Арқадағының өнерін халқы бірнеше сағат бойы орындарын тік тұрып тыңдады.
-Сенсің гүлім айым менің
Вокалдық қабілеті бар жалғыз, Бердімұхамедов емес. Саясаттан кеткен экс-презденттер мен премьерлер енді шоу-бизнестен табыс табуға кіріскендей. «Әу» деуден Ақ үйдің қазіргі қожайыны да құралақан емес. Әріптестерінен Қазақстан басшысы да қалыс қалмады.Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев эстрадаға қарағанда, ұлттық дәстүрлі әндерді мақамына келтіріп орындайды. Міне, сирек кездесетін кадрлар. Киіз үйдің ішінде Елбасы жиналғандарды таңғалдырғаны есте.
-Дегенде алып қашты-ау Иманжүсіп
Жауларым қалушы еді сылық түсіп
Тапса да неше қатын балалары
Бәрі де бола бермес, Иманжүсіп
Ал біздің саясаткерлерге отандық арналардан жеке шоуын ашса да болатындай. Лауазымды шенеуніктердің арасында өнер десе ішер асын жерге қоятындар көп. Тіпті әнші шақыртудың қажеті жоқ. Көңілді отырыстардың көрігін өздері қыздырады.
-Әрине, олар да адам. Сондықтан қауырт жұмысын ұмытып, осындай жабық кароке барларда бір серпіліп қалуға тырысады. Қазірдің өзінде саясаттан кеткен лауазымды шенеуніктер шоу-бизнеске қарай ығыса бастады. Өйткені аты танымал, жүзі бар дегендей. Енді әлемдік және біздің отандық әншілерге нағыз бәсекелестер табылған секілді.