Түркіменстан Қазақстанмен Каспий теңізі түбінен өтетін шекараны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркіменстан Қазақстанмен Каспий теңізі түбінен өтетін шекараны бекітті

Түркіменстан Қазақстанмен Каспий теңізі түбінен өтетін шекараны бекітті

Түркіменстан Қазақстанмен арадағы Каспий теңізінің табанындағы шекараны бекітті.

  • 27 Мамыр 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

Түркімен Мәжілісі Каспийдегі шекара аумағын белгілеуге арналған екі ел арасындағы Келісімді ратификациялау туралы қаулы жобасын мақұлдады.

Аталған құжат Каспийдің табаны мен теңіз қойнауын пайдалану бойынша егеменділік құқықтарын жүзеге асыруда қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Сонымен қатар бұл келісім тату көршілікті әрі қарай нығайтуға өлшеусіз үлесін қоспақ, деп хабарлайды 24.kz.


 Айта кетейік, Каспий теңізінің табаны мен теңіз қойнауының шектері халықаралық құқық қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ тараптардың уағдаластық нәтижесінде келісілген орталық жолақ негізінде белгіленеді.