Баспа көзінің ақпаратына сүйенсек, қабылдаушы тарап меморандумға қол қоюға үміттенген. Әсіресе, бұл үміт сапар алдында Түркімен басшысы қуат көзінің тасымал бағыттарын әртараптандыру саясатын жақтайтынын мәлімдегеннен кейін тіпті күшейген еді. Соған қарамастан, жоғары деңгейде өткен энергетикалық ынтымақтастық келіссөздері қорытындысы бойынша коммюникені еске алудан басқа газ тақырыбы ешқандай құжаттық бекітулерге иек арта алмады.
Түркия президенті Абдулла Гюльдің Анкараның Түркімен газын Еуропа тұтынушыларына жеткізу жобаларына үлес қосуға дайын екендігі жөнінде айтқандарын Г. Бердімұхамедов қолдамады, деп көрсетілген хабарламада.
«Түркіменстанның жер қойнауы аса бай табиғи газ Еуропаға жетіп тұруына Түркия мүдделі. Сондықтан, тиісті жобаларды жүзеге асыруға дайын», — деп мәлімдеді А. Гюль. Өз кезегінде Түркіменстан президенті әңгімеге қанағаттанғанын ғана жеткізді. Сапар — екі ел арасындағы бауырластық байланыстардың жақсарғанының айқын дәлелі, деп атап көрсетті. Сондай-ақ, түрік іскерлерін Түркімен экономикасына инвестиция салуға шақырды.
Түркіменстан газдың ірі қорына ие және өңірдегі ірі газ экспорттаушы. Алайда, бүгінгі таңда шетелге шығарылатын газ толығымен «Газпром» үлесіне тиеді. Ол «Түркіменгазға» 1 мың текше метріне 130 АҚШ долларын төлейді. Екінші жартыжылдықта баға 150 АҚШ долларына дейін өседі, деп хабарлайды «Время новостей».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті