Жарияланды: 530

Түркіменстанда оқ-дәрі қоймасы жарылды; құрбандар да жоқ емес

Бейсенбі күні Түркіменстандағы оқ-дәрі қоймасында күшті жарылыс болды, деп Түркіменнің «Азаттық» радиосы хабарлады.

Радиостанция ақпарына қарағанда, ел орталығы Ашхабад қаласынан 20 шақырым жердегі Абадан қаласындағы қару-жарақ қоймасы жарылған көрінеді. Жақын маңдағы үйлер мен басқа зда нысандардың қабырғалары зақымданды деген ақпар бар. Өрт сөндірушілер мен құқық қорғаушылар арсеналға жақын жатқан кварталдардың тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Ал, «Түркіменстан хроникасы» сайты әскери қоймадағы жарылыстан көптеген адамдардың мерт болғанын жариялады. «Көп адам мерт болды. Айнала өрт. Жарылыс пен өрттің қара түтіні Ашхабадқа дейін жеткен. Абадан тұрғындары даурығып жатыр», - делінген хабарламада. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 16:40-та басталған, «содан соң кезекпен зымырандар жарыла бастаған». «Қалаға шашылған снарядтар бірінен соң бірі жарылып жатыр, су, газ бен электр жарығы өшірілген», - делінген хабарламада. Сайттың хабарлауынша, «Град» қондырғысынан атқыланған снарядтардан тау бөктерлері де өртеніп жатыр. «Қалада жарылмаған снарядтар толып жатыр. Өліктер мен адамдардың аяқ-қолдары қаптап жатыр», - делінген хабарламада. Абаданның өзінде жаппай ұрлық, тонау басталды. Ал, мемлекеттік телеарналар үнсіз отыр. Ал, кеше кешқұрым Түркіменстан СІМ президент Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың төрағалығымен үкімет отырысы өтіп, онда осы мәселе жайыл талқыланғанын хабарлады. «Қойма аптап ыстық салдарынан өртенген. Ешкім құрбан болған жоқ. Халыққа медициналық, әлеуметтік көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада. Ресми орындардың ақпарына қарағанда, Абадан қаласының шетінде пиротехника қоймасы жарылған көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін