«Түркістан» басылымы 20 жылдығын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түркістан» басылымы 20 жылдығын атап өтті

«Түркістан» басылымы 20 жылдығын атап өтті

Шетелге тарайтын жалғыз қазақша газет - «Түркістан» бұл күндері 20 жылдығын атап өтуде. Апталық басылып осы уақыттан бері елімізде ғана емес, Ресей мен Түркиядағы қандастарымызға ақпарат таратып, оған қоса ана тілін де үйретіп жүр.

  • 29 Сәуiр 2014
  • 178
Фото - Caravan.kz

Газет о баста халық жазушылары Қалтай Мұхамеджанов пен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бастамасымен ашылған. Бастапқыда бір ғана параққа басылып шықса, қазірде мыңдаған данамен таралады. Басылымның әсіресе, шеттегі қазақ оқырмандары үшін маңызы зор. Өйткені, жырақтағы қандастарға ана тіліндегі жалғыз ақпарат көзі осы «Түркістан». Сол себепті де Алматыда өткен 20 жылдық мерейтойына газеттің шетелдік оқырмандары да түгел келген. 


Шәмшидин Паттеев, «Түркістан» газетінің бас редакторы:        

— Әрине, электронда ақпарат құралдарымен бәсекелесу өте қиын. Бірақ, дегенменде, газеттің орны қоғамда болып жатқан мәселелердің барлығын салмақты салиқалы түрде, құндылықтарды түсіндіріп байыптап айту жөнінде меніңше газеттің рөлі жоғары деп ойлаймын.