Түркістан облысында белгісіз біреу қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан облысында белгісіз біреу қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

Түркістан облысында белгісіз біреу қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

 

  • 27 Тамыз 2020
  • 103
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысы Жетісай ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, — деп хабарлайды tengrinews.kz  порталы Otyrar.kz.-ке сілтеме жасап. 

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз қыз осы жылдың маусым айынан бастап оның кәмелетке толмаған қызын бопсалап, әлеуметтік іжелілерде интим сипаттағы видеолар жариялаймын деп қорқытқан.

"Күдіктінің аты-жөнін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Ұсталған қыз Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты. Дәлел зат ретінде одан ақша мен бейнематериалдар алынды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шықты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.


Соңғы жаңалықтар